Продюсерлермен әншілердің арасында әріптестік пен келісімшарттан басқа да ара-қатынастар байланыстырап жатады. Мұны продюсерлер де, әншілер де жасырмай, ашығын айтып жатады.
Мәселен, шәкірті Мақпал Исабековамен арада сезім туындағанын продюсер Ерік Тастембеков айтқан еді. Тіпті бұл сезім соңында оны ауруханадан шығарғанын айтқан.
Дәл солай бір-біріне деген сезімін жасырмайтын Луина мен продюсері Жомарт Сүлейменов біршама уақыт бойы азаматтық некеде бірге тұрған еді. Алайда, араларында қара мысық жүргіріп өткеніне біраз уақыттың жүзі болып қалыпты.
https://kaz.365info.kz/toj-kojlegin-tandauga-kirisken-luina-kimge-tyrmyskha-shykhpakh-268107
Сезімі суыған әнші, енді экс-продюсері Жомартпен бірге жұмыс істемейтінін де мәлімдеді. Онымен қоймай, әнші біржолата Қазақстан шоу-бизнесінен Ресей шоу-бизнесіне кеті жоспары бар екендігін де айтып қалды:
«Қазір Ресей елімен нақты келісімшарттар жасалмаса да, ұсыныстар бойынша қарастырып жатырмыз. Оның үстіне жақында үш әнімді таспаға жаздырамын», – деді Луина.
Продюсермен болған түсінішпеушілігі ,бәлкім, осы жоспарларына себеп шығар. Кім біледі…
https://kaz.365info.kz/j-o-bajdy-luina-aza-pa-zi-237369