Мальдив аралдарында демалып жүрген Еркені халық “аяғы ауыр” екендігіне күмәндәніп қалған еді. Себебі, әнші соңғы уақытта жеңіл көйлектерді кигенді ұнатады. Бірақ, мәселе тек көйлекте ғана емес.
Соңғы уақытта Еркенің белгілі асаба, әзілкеш Әли Байжұматпен қарым-қатынасы жайлы ақпарат таралған еді. Алайда, бұл ақпаратқа екеуі де жауап қатып, нақты нүтесін қойған жоқ. Десе де, ұлы екеуі шетелде демалып жүрген әншінің камера сыртында да біреу бары анық. Толассыз пікірлерге қарасақ, халықтың ойы тағы да Әли Байжұматқа келіп тірелкгендей.
“Сондай кіршіксіз, таза, мөлдір көңілмен сіздерге денсаулық, күш-қуат тілеймін! Қайырлы күн! Майда-шүйда əңгімеге мəн бермей, өмірдің рахатын сезініп жүргенге не жетсін?! Осы сəтте бақытты бола білейік, өмір осы сəттерден тұрады. Қалғаны келеді, кетеді, айтылып-ұмтылады, бақытты сəттер естелік болып қалады. Сондай сəттен қайықтағы “инстелік фотокартинамды” сіздерге зор сəлеммен жолдаймын!
Айтпақшы, аяғым ауыр емес. Ол үшін күйеуге шығуым керек қой.
Жəне мұндай жағымды жаңалықтар боп жатса, бірінші боп Сіздер өз аузымнан естисіздер! Не болса да, сондай ақ тілек-үміттен шыққан “жалған ақпаратқа” да рахмет! Әумин, айтқандарыңыз келсін”, – деп бөлісті Ерке.