Желіде автокөлікте өзге ұлт өкілімен отырған қазақ қызына сұрақ жаудырып, балағаттаған отандасымыздың видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz.
Жуырда ғана түрік жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызына сұрақ жаудырып, мазасын алған Жәнібек Иманмәзір есімді Facebook қолданушысы желіні тағы да шулатты. Бұл жолы ол автокөлік ішінде отырған жастарға келіп, қазақ қызын балағаттап тастады.
«Бері қара! Мынау – түрік жігіт. Ал мына қыз – қазақтың қызы. Қазақтың намысын таптап, түрік пе, әзірбайжан ба, өзге ұлт өкілімен отыр. Атыңды айт! Қай жақтың қызысың? Қазақ қазаққа бауыр. Мен танымаймын мына қызды. Бұл менің намысымды таптап жатыр.Әкелген жеріңе апарып таста мына қызды!» – дейді ер адам.
Оның қызды жұлқылап, балағаттағаны да байқалады. Ал қыз бұңып қалып, жүзін көрсеткісі келмесе, өзге ұлт өкілі оны қорғаштап әлек.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.
Алайда желі қолданушыларының ер адамның әрекетіне қатысты пікірі екіге бөлінді. Бірі оның әрекетін жақтаса, өзгесі өз қандасын жұлқылап, бейәдеп сөздер айтқанына мәдениетсіздік деп баға беріп, керісінше отандасымыздың өзін сынға алды.