Қаңтардың 28-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары жалғасады.
Бұл туралы Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Тәжірибелі нұсқаушылар сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін Жібек жолы – Абылай хан көшесінде және ҚР Тұңғыш Президенті саябағында орналасқан тегін мұз айдындарының келушілерін тегін үйретеді.
Айта кетер жайт, спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.
Фото: novoetv.kz