Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Ерлан Біләл “пара” ретінде алған ақшаны қайда жұмсағанын айтты

600 мыңды қайда жаратқаным есімде жоқ, қарыздарымды қайтарып жүргенмін.

Ешкім қысым жасаған жоқ, кінәмді өзім мойындадым”, – деді Ерлан Біләл сот отырысы кезінде.

Айта кетейік, Ерлан Біләлдің адвокаты істің БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтуін сұраған еді. Судья тараптар пікірін тыңдап, аудиожазбаға, суретке және видеоға түсіруге тыйым салды. Сонымен қатар, қорғаушы куәгерлерді – белгілі әртістер Асанәлі Әшімов пен Болат Әбділмановты тыңдауды өтінді. Олар Ерлан Біләловті сипаттайтындықтан судья олардың іске қатысуына рұқсат берді. Сонымен қатар, сотқа Ерлан Біләлға арыз түсірген Қайрат Баяновтың адвокаты да келді. Прокурор істі шегеруді ұсынды. Қайрат Баяновтың өзі сотқа куәгер ретінде қатысты. Мұның алдында сот Ерлан Біләлді кепілмен босатқан еді. Ол 1 миллион 205 мың теңге көлемінде кепіл сомасын берді.

Еске салайық, 5 қаңтарда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләлов 1,5 миллион теңге парамен ұсталғаны хабарланған болатын. Кінәсін толық мойындауына байланысты Ерлан Біләлов қамауға алынбады. Осыдан кейін 9 қаңтарда Әуезов театры директоры міндетін атқарушы тағайындалған. Ал 17 қаңтарда Ерлан Біләлдің ісі сотқа түскен еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз