Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Қожа Ахмет Яссауидің еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды

268

Аталған кеңсе көне тарихтан сыр шертетін ортағасырлық құнды жазба мұраларымызды зерттеуге бағытталған «Бабалар мұрасы ізімен» жобасын қолға алған болатын. Жоба аясында рухани құндылықтарды іздеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде түрлі кезеңдерде өмір сүрген ақын-жазушылар мен оларға тиесілі бірнеше қолжазба мұралар табылды. Сол құнды жәдігерлердің бірегейі саналатын Яссауидің хикметтері бұрын қазақ тілінде жарияланбағаны дәлелденіп отыр.

Облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың» бөлім меңгерушісі, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының әкімшісі Хамидулла Таджиевтің сөзіне қарағанда,

жаңадан табылған қолжазба шамамен ХҮІ ғасырға тиесілі және бұрын баспа бетін көрген хикметтерден айтарлықтай айырмашылықтары бар деуге болады.

Яссауидің жаңадан табылған хикметтерін қазақ тіліне аудару, баспаға дайындау – Яссауитану саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінде құнды жазбалардың транскрипциясы мен қазақ-түрік тілдеріне аудару жұмысы қолға алынып, аталған шараға белгілі шығыстанушы ғалым, ф.ғ.к., доцент Төрәлі Қыдыр және түркиялық әріптесі Надирхан Хасан үлес қосуда.

Жалпы ғалымдар Яссауи туралы біраз зерттеліп, көптеген еңбектер жазылғанымен, әлі күнге дейін жарыққа шықпаған дүниелері жетерлік екенін айтады. Ақын қаламына тиесілі «Диуани хикметтің» түпнұсқасының табылмауы, одан басқа қандай туындылар жазғаны, силсиләсінің (алтын тізбегінің) қашан үзілгені секілді мәселелер өз шешімін таппай келеді. Әлем кітапханаларынан табылып, бүгінге дейін жарық көріп жатқан Яссауи хикметтерінің басым бөлігі – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазан шаһарында басылған нұсқалардан дайындалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз