Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Ғалымдар екі ғасыр бұрын өмір сүрген адамды “тірілтіп алды”

ДНҚ Ганс Джонатан (Hans Jonatan) атты қара нәсілді құлға тиесілі болған. Ол Кариб теңізіндегі Данияның колониясы болған Санта-Крус аралында дүниеге келген. Кейін ол Исландияға қашып барып, ондағы жалғыз қара нәсілді адам болған. Бұл жағдай оның геномын бірегей етіп отыр. Жергілікті халық оған жылы шырай танытып, Джонатан үйлене де алған. Бостандыққа қол жеткізген адам үш баланың әкесі атаныпты.

Ғалымдар Исландияның гениологиялық мәліметтер базасына сараптама жасап, Джонатанның 182 ұрпағы барын анықтаған. Ол адамдардың геномында бабаларының аз да болса жұрнағы қалған екен. Осы арқылы зерттеушілер бұрын құл болған адам геномының үлкен бөлігін қалпына келтірген және ата тегін анықтай да алған.

Зерттеушілердің пайымынша, оның анасы афроамерикалық, ал әкесі еуропалық нәсілден болған екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз