Өткен демалыста жаппай ел талқысына түскен тәтті торт жайында жаңа дерек пайда болды.
Алып торттың авторы, әйгілі ресейлік кондитер оның 179 мың доллар тұратынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.
“179 мың доллар тұрмайды, олай болуы мүмкін де емес. Ал торттың шын мәнінде қанша тұратыны құпия, оны тек мен және тапсырыс беруші адам біледі. Сол да жеткілікті”, – деді Ренат Агзамов Instagram-да тікелей эфир барысында.
https://kaz.365info.kz/bir-paterdin-khyny-2-tonnalykh-tort-kimnin-tojynda-tartu-etilgeni-belgili-boldy-297747
Айта кетейік, шымкенттік олигархтың тойына арнайы тапсырыспен алдырылған торттың биіктігі – 4,2 метр, ал диаметрі – 3 метр, салмағы шамамен 1500 килограмм.
Әлеуметтік желі талқысында алып торттың удай бағасы елдің ашуын туғызған. Көбісі мұны неге қайырымдылыққа жұмсамаған деген пікір келтіреді. Ал кейбірі сол торттың ақшасы негізінде декларациясын сұрап, „Қаржы полициясы неге тексермейді осындайларды„ деп тіпті әрі кеткен еді.