Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-14
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

“Шымкенттен әперем!”. Сәбит Әбдіқалықов Димашқа келіншек тауып беретінін айтты

222


Аталмыш іс-шараны Мүсірепов театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов ұйымдастырды.


Жақында ғана “Бизнес по казахски” фильміне түсіп, актерлық қырынан танылған сегіз қырлы, бір сырлы Димашпен дидарласуға Амалбек Тышанов басқаратын Республикалық спорт колледжінің студенттері келген.

https://kaz.365info.kz/nyu-jorktagy-politsej-khazakh-balasy-elge-oralatyn-bolypty-267146

Сондай-ақ, кездесуге ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Ардақ Назаров та қатысты.

Ең алғаш болып сөз алған Амалбек Тышанов айтулы шараға себепкер болған Димаш Ниязовқа отандық спорт киімін табыс етті.


Ал театр директоры Сәбит Әбдіқалықов боксшының өзінің “аталас бауыры” екенін алға тартып, оның әрбір жеткен жетістігіне шын жүректен қуанатынын айтты. Осы орайда, Димаштың туған жеріне, өз ауылына жиі келіп тұруы үшін оны “Шымкенттің таза қазақи тәрбие көрген қызымен жарастыратынын” айтып қалды. Артынша, Сәбит мырза бұл сөздерінің астарлы қалжың екенін білдірді.

Қонақтар сөз сөйлеп, тілек білдіріп болған соң Димаш Ниязов орнынан тұрып, өз жұртымен қауышқанына шексіз бақытты екенін жеткізіп, көпшілікке алғыс айтты. Бұдан соң спорт колледжінің студенттері мен басқа да көрермендер боксшыға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық әңгімелесті.

Еркін форматта өткен сұхбат аяқталған соң театр сахнасында кішігірім концерт қойылып, Ләлә Бақытнұрқызы, Өктем Алтаев, Ерден Жақсыбеков сынды әншілер қонақтарға әннен шашу шашты.

https://kaz.365info.kz/syjip-kozin-khysty-dimashtyn-seksi-bii-zhankyjerlerinin-delebesin-khozdyrdy-video-269631

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз