Республиканың шығыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде боран, тұман, көктайғақ, бұрқасын, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.