Белгісіз біреулер оралдық тұрғынның есепшотынан 17 миллион теңгені жымқырып кетті.
Ішкі істер органдары осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады Qazaqstan арнасы.
Оқиға желтоқсан айында болған. Әйел адам интернеттегі жарнама сайттарына “пәтер сатамын” деп хабарландыру берген. Іле-шала белгісіз біреулер “мүлкіңізді сатып аламыз” деп хабарласқан. Ақшаның бір бөлігін алдын ала салып жіберу үшін үй иесінің жеке куәлігі мен банк картасының нөмірін сұраған. Қаперінде ештеңе жоқ азаматша жеке құжаттарын фотоға түсіріп, WhatsApp желісімен бейтаныс адамдарға жіберген.
“Негізгі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлімі, яғни “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүріп жатыр”, – дейді Орал қалалық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов.