Facebook негізін қалаған Марк Цукерберг әлеуметтік желі жариялымдарының басымдығы өзгеретінін хабарлады. Мұны ол әлеуметтік желідегі өз парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды delavill.com.
Цукербергтің сөзінше, Facebook желісінде жаңалықтар мен жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылып, желі қолданушысының отбасы мүшелері тарапынан контент көбірек болады.
“Жаңалықтар таспасы о бастағы мақсатынан – адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті”, – деп жазыпты Марк Цукерберг.