Сауд арабиясының Эт-Таиф қаласында медбикелер қауіпті инфекция жұқтырып, ауруханаға түскен сәбиді мазақ етіп, видео түсірген. Бейнежазба желіде тарап кеткеннен кейін, құзырлы органдар емхананы тексеріп, ақырында үш бірдей медбике қызметінен айырылды.
Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Видеодан науқас баланың бозарып кеткен бетін қысып, әрі-бері жұлқылаған медбикелерді көруге болады.