Бүгін сағат 06:05-те «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ баспасөз қызметі Алматыдан 605 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелгені туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгін сағат 06:05-те Алматыдан 605 шақырым қашықтықта магнитудасы 5.0 болатын жер сілкінісі тіркелді, тереңдігі 5 шақырым. Жер асты дүмпулері 9 қаңтар күні сағат 06:05-те тіркелді. Жер асты дүмпуінің ошағы Тәжікстанда орналасқан», – делінген хабарламада.