Венециядаы Дожей сарайынан зергерлік бұйымдар ұрланды. «Могул және Махараджа қазыналары» үнді көрмесінің соңғы күнінде бірнеше миллион еуро тұратын құнды дүниелері қолды болды, деп хабарлайды 24.kz.
Ұрланған заттар өте бағалы саналады.
Дабыл қаққыш бірден іске қосылмаған. Оның үстіне ұрылар туристердің қатарына қосылып кете барған.
Күзетшілер бүкіл кіреберіс есіктерді жауып келушілерді қарағанымен, ұрыларды таба алмады.
Қолды болған әшекей бұйымдардың бағасы декларацияда 30 мың еуро деп көрсетілген. Ал нарықта оның бірнеше миллионға сатылуы мүмкін.
Ғажайып асыл тастар топтамасының бір бөлігі Могул империясының патшалары мен үнді махараджаларына тиесілі. Олардың кейбіреуінің 400 жылдан астам тарихы бар.
Коллекция Катар әулетінің билеушісіне тиесілі. Әзірге олар болған оқиғаға қатысты ешқандай ақпарат берген жоқ.