Алматы облысында полицейлер қасындағы жігітке қару кезенген студентті ұстады.
Ол 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ұсталған адам шолақ мылтықтан атқан. Алматы облыстық ІІД мамандарының айтуынша, жігіттердің арасындағы оқиға 30 желтоқсан күні кешке Самал ықшамауданында болған, оқ тиген 20 жастағы жігіттің денесі сол жерден табылды.
“Кісі өлтірді деген күдікпен Талдықорғандағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті ұсталды, ол қазір ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес Талдықорған ІІБ уақытша ұстау изоляторында. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімінде қарастырылған “Кісі өлтіру” бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істің материалдарына заттай айғақ ретінде 12 калибрлі аңшылық шолақ мылтық алынды”, – делінген Алматы облыстық ІІД хабарламасында.