Хаттардың бәрінде Қазақстанның тұрақты дамуы мен ел абыройының артуы үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген елеулі еңбегі аталып өткен.
Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшының атына Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Серж Саргсян, Украина Президенті Петр Порошенко, Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили, Молдова Президенті Игорь Додон және тағы басқа құттықтау хаттарын жолдады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы, сондай-ақ ынтымақтастықты мемлекетаралық деңгейде жолға қойып, дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаған үлесіне халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Солардың қатарында БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің, ҰҚШҰ Бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ШЫҰ Бас хатшысы Р.Алимовтың, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Р.Гасановтың, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновтің, Жалпыға ортақ кәсіподақтар конфедерациясының Бас хатшысы В.Щербаковтың, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы С.Лебедевтің, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т. Анодинаның, Парламентаралық ассамблеялар кеңесінің Бас хатшысы лауазымын уақытша атқарушы С.Антуфьевтің құттықтау хаттары бар.
Мемлекет басшысы өзінің атына келіп түскен барлық хаттармен және жеделхаттармен мұқият танысып шығып, авторлардың барлығына жылы құттықтаулары мен ізгі тілектері үшін ризашылығын білдірді.