Төреғали Төреәлінің қылығын әркім әртүрлі қабылдап, пікірлерін айтып жүр. Бірі оңдырмай жерден алып, жерге салып жатса,жақтағандардың бірі – Мақпал апам.
Кеше ғана Қуандық Рахым өзінің жеке концертін өткізген еді. Қонаққа Ақбота Сейітмағамбет, Мақпал Жүнісова және тағы да бірқатар әншілер келіп, әннен шашу шашып кеткен. Мақпал Жүнісова бұл мүмкіндікті жібергісі келмегендей, сахнада тұрған сәтте дүйім жұрттан Төреғалиды кешіруді сұрады.
Төреғали ризашылықтан, Мақпал апасына мынадай өлең арнапты. Көрейік:
“Қазақтың ерке қызы – Мақпал апам!
Алатаудың қарындай әппақ апам.
Кешегі Заманбектей атпал атан,
Батырымның бақытын жаққан апам.
Қанында қайсарлық бар Әлиядай,
Жанында жұмсақтық бар мақтаға тән.
Кей еркектер сияқты өсектемей,
Қыз да болса қорғаштап жатқан апам.
Өйткені өзінің де өткен жолы,
Өнердің жолында көп қақпан-апан.
Ештеңе демесе де, жемесе де
Қасқырдың аузы-басы қап-қара қан.
Елге қызмет етеміз біз бәрібір,
Марапаттамаса да, мақтап Отан.
Талай жақсы елінде құрметтелмей,
Ұясында болды ғой жат балапан,
Айдалада мал бағып жүрген жоқ па,
Айға барып, келсе де Тоқтар атам?!” – дейді Төреғали.
https://kaz.365info.kz/aj-toregali-kontsertten-khuylgan-akhsakhal-tokhtamaj-sojlep-zhatyr-video-295277
Мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында талқылануда