Бірнеше күн өтсе де, Байзақова дауы басылар емес. Желіде түрлі ойларын жазып блогерлер шулатып жатса, бір топ еркектер оқиға орнында шу шығарып жүр. Байзақова- қазақ қызы. Бәрінің жанына бататыны да сол.
Алайда, біз көріп жүрген Байақова бұрын орамал таңып, намазға жығылғандардың қатарынан екен. Мұндай мәлімдемемен Өркен Кенжебек өзінің Инстаграм парақшасында бөлісті. Осы жолы блогер айыптай емес, қорғаштай, үміт арта сөйледі.
“Айжан Байзақованың айналасындағы у-шудан құлағым тұнып тұр. Істегені ұят шығар, қарсы шыққандар жөн шығар деп үн қосайын десем, ауызыма аяқтарын тосып тұрғандай мына ағайын. Былай ғой, Байзақова жайлы білерім – қазір бетімен кеткенмен, басында ұяты түгел, әжептеуір ибалы қыз еді дейді.
Анасы намаз оқиды, өзі де намаз оқыған екен,
бірақ тұрмыста бір ауыр соққы алып, беті ары ауып кеткен дегенді де естідім. Жын иектеген дейді, анасымен қатты ұрысып, осы жүрісін қасақана істейді дейді, кім білсін. Қоғамға қарсылығы да шығар, бәлкім.
https://kaz.365info.kz/bajzakhova-khajda-talgat-bastagan-khazakhtyn-namysty-zhigitteri-tyngi-klubkha-kirip-bardy-video-295715
Байзақоваға батырып ештеңе дей алмайтыным, өзіміздің Маржан Сұлтанбай есіме түседі осындайда. Ол да шашын тақырлап алып, ашық-шашық киімге әуестеніп, «әй, осы түзелмейді-ау» деп қол сілтегенде, күрт өзгерген бір күні. Орамал тақты. Тұрмысқа шықты. Баланы да, бақытын да тапты. Сондықтан, Байзақова бір күні бұлт етіп құбыла қалса, таң қалмаймын да, тас лақтырмаймын да..
22-дегі желқыз ғой, әмин, солай болсыншы! Біз Алла тағаладан кімнің қайда баратынына билет үлестіріп отыратын өкілі емеспіз. Алла тағаланың мейірімі сондай, лағынет атқан қандай жауыз, қандай азғын болса да, ақырғы деміне дейін тәубеге келгенін күтемін деп уәде етті емес пе? Әр адам баласы махаббатпен жаралған. Иттің итақайының да адам болғаны үшін ғана мойнында тұрған сый-құрметі бар…”, – деп ағынан жарылды ол.
Алайда ол оның қолдан жасап алған образы ақтауға тұрарлық емес екенін айтты.
“Бірақ, оның өзіне жасап алған образы, өткендегі әрекеті (мейлі, басқалар ұйымдастырсын, жай ілігіп кетсін) ақтауға тұрмайды. Айыпталу керек еді. Дәл қазіргідей изоляторға жатқызу болмаса да, қоғам тарапынан оның әрекетіне қарсылық болғанын сезіндіру керек еді.
https://kaz.365info.kz/mojyndajmyn-atyshuly-bajzakhova-abakhtyga-khamaldy-295471
Сондықтан, айналдырған 10-20 қазақ жігіттің бейнемәлімдеме жазып, әлгі клубтың босағасына барып, шарасыздан шырылдап жүргендерін де түсінемін. Айыптамаймын. Сөздерінде «шаңырағын ортасына түсіреміз» деген асылық болған шығар, түрлері сіздерге ұнамайтын шығар.. Тентегі мен телісін арбаның доңғалағына таңып, болмаса киіз туырлыққа орап тастап-ақ тезге салып алатын қазақ едік қой.. Ол уақыт өтті. Қазақ енді бұрынғы қалпына келмейді. Түсінемін. Бірақ, бұндай қарсылық болмаса, мен онда ұлт ретінде қалуымыздан да қорқар едім”, – деп жазды ол.
Мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында талқылануда