Қарағандыдағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Түсіп Күзембаев шахтасында төтенше жағдай орын алды.
Кеше кешкі сағат 17:00 шамасында кеніштегі көмір қабаты құлап кетіп, бір адам астында қалып қойған. Абырой болғанда 35 жастағы жұмыскер аман. Жапырыла құлаған көмір оның аяғын басып қалып, оң жақ тізесі сынған. Ол дереу Қарағандыдағы аурухананың біріне жеткізіліп, қажетті ем-дом көрсетілді.
Алайда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы бұл оқиға туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.