Қазақстанда жедел түрде электронды визаны енгізу керек. Бұл туралы Астанада Туризм жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Мысалы, бізде электрондық виза жоқ, осы күнге дейін миграциялық карталар жұмыс істеуде, сондай-ақ әлемде қазақстандық туризмді насихаттауда ақпараттық насихаттау тиісті деңгейде емес.
Әзербайжанда 2013 жылы электронды визаны енгізу нәтижесінде шетел туристері 3,5 есеге артқан.
Ерлан Қожағапановтың айтуынша, елге келген соң берілетін визаларды қолдану керек, сондай-ақ 72 сағаттық визасыз транзиттік режімді кеңейтіп, миграциялық тіркеуді алып тастау қажет.
Бұдан бөлек, ол ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде үш ай бойы қолданылған «ашық аспан» саясатын енгізу өте маңызды екенін, осы орайда елеулі түрде оңтайлы тиімділікке қол жетікізілгенін атап өтті.