Аша Матайдың кәсіби жұмысының қалай атқарып жатқандығын көріп жүрміз, ал келіндік жұмысын қалай атқарып жүр екен?
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Кейбір кездері өзімді ыңғайсыз сезінем. Көбінесе түсірілімдерде жүрем, гастрольдік сапарларым бар. Содан кейін, үйге келгенде ішімдегі нәрселерім, ыңғайсыздық болып тұрады да. Ойбу, мен тамақ жасаған жоқпын, үй жинаулы емес деген сияқты”, – дейді Аша Матай.
“Енем бір жақсы адам болды, үйді жинаймын, көмектесейін деп бауырсақ жасап жатыр екен. Барып бірдеңеге көмектесейін десем, жо-жо-жоқ айналайын көмектеспей-ақ қой, өзім жасаймын, тырнақтарың сынып қалады деді”, – дейді әнші Шахизада.
Ал, Қазақстан аруы Айдай Исаеваның Шымкентке келін атанғанына бірнеше жыл болса да, отбасылық өмірде «білетіні бір тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз».
“Мен әлі күнге шейін қамырды жая алмаймын. Менің қайын сіңлім, үйде бірге тұрамыз. Ол торт жағынан, илеу жағынан маған үйретеді негізі. Бірақ мені кішкентай кезімде мамам ешқашан жұмсаған емес”, – дейді сәнбике Айдай.
Алайда, ата-ененің алдында зыр жүгіру әр қазақ қызының мәртебелі міндеті. Мұны жақсы ұғынған Айнұр Ілиясованың, жас келіндерге айтары бар.
“Тек қана жаңа жұртқа үйрену керек, жаңа туысқандарға үйрену керек. Оларды ең бастысы мына жүрекпен сүю керек. Сонда бәрі жақсы болады”, – дейді актриса Айнұр Ілиясова.