Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-4
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

“16 жылдың көлемінде…”. Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы қатынасы туралы шындықты айтты

133

Әйгерім мен Нұрлан Әлімжан бірнеше әнді бірге айтып, тойлар мен түрлі іс-шараларды бірге жүргізіп жүр. Жуырда тіпті олар “Екеуіміздің әніміз неге бөлек?” деп аталатын романтика мен сезімге толы сырлы әніне бейнебаян түсірді.

Дәл осы әрекеттері олардың өзара байланысы туралы ақпараттың тарауына негіз болып, жұрт қос әншінің арасында сезім бар ма деген сұраққа жауап таппай дал болған-ды. Енді Әйгерім осы әңгімелерге нүкте қойып, шындықтың басын ашуға бекініпті.

“Бұл жалған ақпарат. Нұрланның жеке өмірі және менің де жеке өмірім бар. Екеумізді байланыстыратын – ұлы өнер. Бұл бейнебаянға өзіміз түсейік деп шештік. Өйткені ондағы сезімді өзіміз көрсете аламыз деп ойладық. Нұрлан да, мен де актерлік шеберліктен кенде емеспіз. Екеуімізді достық, әріптестік байланыстырады. Әрине, бір-біріміздің сырымызды өте жақсы білеміз. Өйткені бір-бірімізді 16 жылдың көлемінде жақсы білеміз. Тек қана достық”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз