Сәрсенбіде Иранның шығысында қуаты 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа- Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
Орталықтың деректері бойынша, зілзала кіндігі шамамен 600 мың тұрғыны бар ирандық Кеман қаласынан шығыс бағытта 63 км жерде болған. Ошағы — 10 км тереңдікте. Әзірге қирандылар мен құрбандар жайлы ақпараттар жоқ. Ал кеше, сейсенбіде Керман провинциясында болған қуаты 5, 7 балдық жер сілкінісі салдарынан 18 адам зардап шеккен еді.