Алматыдағы басты жаңажылдық шырша Тәуелсіздік күнінен соң 18 желтоқсанда жағылады, деп жауап берді қалалық әкімдік Sputnik Қазақстан сауалына.
Әкімдік баспасөз қызметі атап өткендей, қаланы әрлеу кезінде ұлттық стиль қолданылып, желтоқсан айындағы бүкіл мереке ескерілген.
“Қаланы Жаңа жылға орай безендіру Тәуелсіздік күнін тойлаған соң басталады, яғни жаңажылдық шырша 18 желтоқсанда жағылмақ. Былтырғы әшекейлер біраз жөндеуден өтіп, биыл да пайдаланылады”, — деді әкімдікте.
Қалада барлығы 15 жаңажылдық шырша қойылады: Республика сарайы алдында, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры алдында, Тұңғыш президент паркінде, “Алматы Аренада” және басқа жерлерде.