Ел ішінде қанша сыбыстар мен желіде түрлі суреттер мен видеолардың тарап кеткеніне қарамастан, Жұлдыз бен Айқын өз өмірлерін жасырып әлек. Бірақ, “басқаның аузына қақпақ бола алмайсың”, деген осы шығар!
Айқынның продюсері Ерік Тастембеков бұл туралы “Гәкку” арнасына берген сұқбатында айтты.
“Мен оларға дәріс оқымаймын. Олар менің жүріс-тұрысыма қарап бой түзейді. Мен оларға айтқан сөзіңде тұру керек екенін, әр ісіңе жауап беру керек екенін үнемі айтып отырамын. Мәселен, бірде бізді бір шараға қатысуға шақырып, 1000 доллар ұсынды. Аз уақыттан соң дәл сондай бір шараға қатыссақ, 4000 доллар береміз деген ұсыныстар шықты. Алайда оларға жауапкершілік пен келісім маңызды екенін айтып, біз бастапқы шақырған жерге бардық. Ақшасы аз болса да, сөзімізде тұру үшін осылай істедік”, – деді ол.
Мұндай сыбысты ол алғаш рет Баян Мақсатқызының аузынан естіген екен.
“Мен бұл жаңалықты алғаш рет Баянның аузынан естідім. Мен оған сол күні хабарласып едім, ол тұтқаны көтермей қойды. Баян маған: “Сенің ұлдарың менің жобамның күл-талқанын шығарғаны үшін саған рахмет”, – деді. “Неге, не болды?” деп сұрадым. Дәуреннің жағдайы түсінікті, бірақ ол маған Айқын туралы айтты. Мен түсінбей, Айқынға звондай бастадым…
Мен олардың ісін таразылай алмаймын, мен оларды өмір сүруге үйрете алмаймын, себебі бұл – олардың сезімі, олардың өмірі. Мынау жақсы, мынау жаман деп айта алмаймын, яғни одан еш нәтиже шықпайды. Олар мұны өздері түсініп, өздері бұл жолды жүріп өтуі керек. Біреу үшін бұл – дұрыс, біреу үшін – дұрыс емес.
Біз ол туралы сөйлестік. Бастысы Айқын материалды тұрғыдан барлығының жағдайын жасап отыр”, – деді ол.