Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған концертке қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сахнада тұрған әнші Алтынай Жорабаеваға жақын келіп, қолын алды.
Бұл туралы Алтынайдың инстаграмдағы жеке парақшасына жүктеген видеодан белгілі болды.
https://kaz.365info.kz/erkeksin-be-zhokh-pa-altynaj-zhorabaeva-byryngy-kyjeuine-khatty-ashuly-290845
“Мемлекеттік концерттен естелік. Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған концерт! Еңбегіңнің бағаланғаны қандай тамаша! Патшамыз кешегі концертіммен құттықтап, ақ тілегін айтты. Сүйікті тыңдармандарым, сіздердің ыстық ықыластарыңызға Алла разы болсын. Менің Алладан тілейтінім – абыройлы болу… Міне осы – шексіз абырой! Әкетайым мен Анашым, сіздерге мың алғыс әдемі өмірге келуіме себепші болған. Балапандарым, xаншайымдарым, сендерге рақмет”, – деп жазды мемлекет басшысынан құрмет көрген әнші.