Қазақстанның 4 облысында ауа-райына байланысты ескерту жариялады.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 9 желтоқсан күні Маңғыстау облысында қар жауып, боран тұрып, көктайғақ болады. Солтүстік батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Осы күні Оңтүстік Қазақстан облысының тауларында қалың қар түсуі ықтимал. Онда тәулік бойы тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік батыстан жел соғады. Желдің жалдамдығы секундына 15-20 метр болады.
9 желтоқсан күні Қостанай облысында боран болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады.