Сүйінші! Қазақ футболындағы тарихи жеңіс!
“Астана” клубы қазақ футболы тарихында алғашқы болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Елордалық команда топтағы соңғы ойында Чехияның “Славия” командасын ұтты, дейді vesti.kz.
Прагада өткен аса маңызды ойында Станимир Стойлов жаттықтыратын “Астана” 1:0 есебімен жеңіске жетті. Елордалық ұжымға жеңіс сыйлаған голды 38 минутта Марин Аничич соқты. Алғашында бас төреші Давид Масса голды есепке алмағанмен, кейіннен қапталдағы көмекшісімен ақылдаса келе есепті тіркеді.
“Астананың” плей-офф кезеңіндегі қарсыласы 11 желтоқсан күні белгілі болады. Жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Салтанатты шара Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
“Астана” секілді топта екінші орын алған командалар өзге топтарда бірінші орын алған команда немесе Чемпиондар лигасынан келген 8 команданың бірімен ойнайды.