Атырауда жаппай төбелескендердің кім екені анықталды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
“6 желтоқсанда шамамен 13:25-те Атырау қаласындағы “Привокзальный” ықшамауданында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, артынша төбелес болды. Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды. Ата-аналарымен профилактикалық әңгіме шаралары жүргізілді. Кәмелет жасына толмаған алты баланың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады ІІД өкілдері.
Атырау облыстық ІІД өкілдері ұрып-соққандардың аты-жөнін анықталып жатқанын айтты.
“Осы дерек бойынша заңды шаралар қабылданады”, – деп хабарлады полициядағылар.