Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Дегенмен батыста және солтүстік-батыста кей жерлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін, көктайғақ болады. Кей өңірлерде тұман түседі, деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз көктайғақ болады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.