Жұлдыз Әбдікәрімова киноға түскен сәттен бастап халық алдынан бір елі алыстаған емес.
Жары Қайрат Нұртаспен ән де айтты, концерттерінде жүргізуші де болды, әлеуметтік желідегі парақшасында киім жарнамалайтын модель, белсенді желі қолданушысы. Тіпті Астана әкімінің қолынан марапат алып та үлгерді. Барлық жерде Жұлдыз көбіне жуас, көп сөйлемейтін, тұйық болып көрінсе, бұл сөздеріме әлеуметтік желіде таралып жүрген видео кереғар шықпақ.
Видеода Қайрат пен жары белгілі хит әнге билеп жүр. Жақсы көңіл көтеріп жүргендері көрініп-ақ тұр.