Жуырда ғана Алматыға қоныс аударған Әуелбекованың, жеке өмірінде жақсы жаңалық бар. Әнші ұлы Салтайға бауыр сыйлауға ниетті көрінеді. Камера объективіне кездейсоқ іліккен Мөлдірдің жүкті екенін аңғармау мүмкін емес.
Мөлдір бұл жолы өмірде емес, клипте жүкті кейіпкер образында. Ол көпшілікке Шімән апа атымен таныс, Ерболат Төлегеновтің бейнебаянында аяғы ауыр келіннің рөлін сомдайды.
“Немеренің артығы болмайды. Қазақтың санын көбейту керек, қазақтың санын көбейту керек, 100 миллионға жеткізу керек. Сондықтан, Мөлдірге ту деп жатқаным сол ғой”, – дейді актер Ерболат Төлегенов.
“Жұбайымның аяғы ауыр, жұбайымның рөлін сомдап жатқан Мөлдір Әуелбекова. Әзіл клип болғаннан кейін, екіқабатты да солай таңдап жатыр деп ойлаймын”, – дейді Сефуллин Жолбарыс.
Бейнебаянда ұлдары бар тапқанын анасына табыстайды. Ал, Шімән апа тұңғышының ғана еркелігін көтереді екен. Бұл образға Әбунасыр Серіков бекітіліпті.
“Ана дегенді білесіз ғой, қай баласы, қай қызы болса да жүрегі езіліп тұрады. Үйленбей жүрген сұрбойдақ болғаннан кейін еркелеуі, қашан балалы болып, қашан үрім-бұтағы болады деп, Алладан тілеп жүреді. Сондай бойдақ баласының рөлін ойнап жатырмын”, – дейді Әбунасыр Серіков.
Ал, әзілден әнге бет бұрған Ерболат, бұдан былай әншілерге бәсекелес бола алар ма екен?! Актердің клип түсірудегі басты көздегені не?!
“Бұл жерде дауысты көрсету емес. Әзіл ән деген болады, қалжың ән деген болады. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Ұнаған адам тыңдайды, ұнамаған адам өшіріп тастайды”, – дейді Ерболат Төлегенов.