Ертең -қыс. Жаңа жыл мерекесіне толық 1 ай қалғанымен, безендірілген қаладан жаңа жыл йісі мүңкіп тұр. Жұлдыздар да жаңа жылдық түсірілімін бастап кеткен.
Желіге жұлдыздардың көпшілігі түсірілімнен түрлі видеолар мен суреттер жариялауда. Алайда, тәуелсіздік күнін ұмытып, бірден жаңа ылға білек сыбана кірісіп кеткен жұлдыздар халықтың сынына ұшырап жатыр.
“Жаңа жылдық түсірілімдер басталды! Жаңа жылда түрлі образдарға айналып кететінің бар. “Тамаша city”- дың жаңа жылдық қойылымында Ресейден келген ақшақар болып, рөлге кіріп ойнап тұрсам, сөйтсем, ол розыгрыш екен”, – деп бөлісті әнші инстаграм парақшасында.
Желідегілер бірден Сәдуақасованың қысқа көйлегін сынай кетті.
“Тәуелсіздік мерекесін неге дәл осылай ұлықтамайсыздар?” – деп сынға алғандар қарасы да жетерлік.