Астанада оқыс оқиға! Ойда-жоқта тұтанған оттың ортасында қалған екі бала тірідей жанып кете жаздады. Құдай сақтап, шұғыл жеткен өрт сөндірушілер балаларды соңғы сәтте құтқарып қалды,-деп жазды КТК арнасы.
Тілсіз жау Есілдің сол жағалауындағы мына элиталық көп қабатты тұрғын үйдің 10 –шы қабатынан шыққан. Осындағы пәтердің бірі қызыл жалынға оранғанда іште тек 12 жастағы қыз бен 2 жасар бүлдіршін ғана болған.