Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-14
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

“Бұл далбаса!”. Қырғызстанда оқушы қыздардың пәктігі тексеріліп жатыр деген ақпарат негізсіз

Министр ведомствоның Денсаулық сақтау министрлігінен мәлімет алып, ресми түсінік дайындап жатқанын қоса айтқан.

Еске салайық, мұның алдында БАҚ-тарда Қырғызстанның кейбір мектептерінің басшылығы жоғары сынып оқушыларына гинекологиялық зерттеу жүргізіп жатқаны жайлы хабар тараған. Тексерістің мақсаты жыныстық қатынаспен ерте бастан айналысқан қыздарды анықтап, олардың ата-анасымен бірлесе жұмыс істеу делінген болатын.

Айта кетсек, мұндай шара Өзбекстанда да болған деген ақпараттар тараған. Шенеуніктің айтуынша, оқушыларды гинекологиялық бақылауға жіберу туралы шешімді жергілікті билік Самарқанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің сөйлеген сөзінен кейін қабылдаған. Мемлекет басшысы бұл сөзінде осы облыста әйелдер мен қыздар арасындағы суицид жағдайының көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірген.

Мирзиеевтің айтуынша, соңғы уақытта Самарқанда 145 әйел мен қыз суицидке барған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз