Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-15
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

“Не басына күн туды”. Алматы облысында қазақтар соғымға ит соятын болыпты ( фото)

211

Қасапшының сөзінше, соңғы уақытта жоқшылықтың кесірінен жеті қазынаның бірі саналатын итті пышаққа іліп, қазанға жіберетін ауылдастарының қатары көбейген.

«Анада түнде келе жатсам қоқыс маңында дәу иттің басы мен терісі, сирақтары ғана жатыр. Еті жоқ. Соны жеп жүрген қазақтар. Себебі, бұл ауданда бір де бір өзге ұлт өкілі тұрмайды. Ешкім еріккеннен иттің етін жемейді ғой. Бала-шағасын бағу керек, жоқ болған соң барып жатыр осы қадамға. Базарда мал етінің бағасы қымбат. Ешкімге айтпаймыз ит етін жеп жүргенімізді. Бірақ білемін кімдер ит аулағыш екенін», – деп бетін жасырды Есім Асқарұлы.

Ал мал дәрігерлері “иттің етін жеп жүргендер сау басына сақина тілеп алғандар” дегенді алға тартады. Яғни олар төрт аяқтыдан түрлі ауру жұқтырып, жазылмас дертке шалдығуы мүмкін екен.

«Иттің етінде «эхинококк» бар. Яғни бұл таяқша құрты тамақ арқылы адам ағзасына таралып кетсе жаман. Әсіресе таяқша қанға енген соң, жазылмайды. Эхинококк жұқпалы таяқшасын негізі иттер таратады» , – дейді мал дәрігері Нұрсұлтан Тұрғанбаев.

Тағы бір айта кетерлігі, ит етін ұлттық тағам ретінде тұтынатын кәріс аспаздары бұл жануардан ас дайындау ойыншық еместігін алға тартады.

Яғни, бір кесе сорпа мен қуырдақты пісіру үшін етті бабына келтіріп кемі жарты күн қайнатып, бұқтыру керек екен. Болмаса оның пайдасынан зияны көп.

Ақпарат көзі: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз