Алматы қаласы Рысқұлов көшесі бойында түнде жаяу жүргінші көлік астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Рысқұлов даңғылында, Емцов және Немирович-Данченко көшелері арасында, “Массагеттегі” бұрылысқа қарама-қарсы жерде 30-35 жастағы ер адам жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болады, алайда қауіпті ескермеген екен.
Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші мас болған. Болған оқиғаның мән-жайын қала полициясы анықтайтын болады.