Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-15
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Пекинге қазақстандық астықты жеткізу мерзімі төрт есе қысқарды

С. Қайниденовтің айтуынша, «ҚХР кеден қызметі карантиндік талабы бойынша астық қапшықталуы тиіс. Жеткізу мерзімі шамамен төрт есеге қысқарады. Ол арқылы вагон және жүк айналымы артып, жүк тасымалының сапасы көтеріледі. Жүктің сақталуына кепілдік беріледі».

Жүк жөнелтушілердің атап өткеніндей, аталмыш қызмет түрінің басымдығы жоғары.

«Беркат-Экспорт» ЖШС осы қызмет түрін пайдаланып, Пекинге 20 вагон астық жіберді. Бұл компанияның құрылтайшысы Ахмет Огаев аталмыш бағдардың ең тиімді тұсы пойыз бағдарының жедел ұйымдастырылуы екендігін айтады.

«Бұрын Қытайға пойыздар біздің жүктерімізді бір аптада жеткізетін. Қазір енді бұған екі-ақ күн жұмсалады. Біз енді аптасына екі рет астық тиейміз. Оның сыртында пойыздың қайда жүргендігін онлайн режимінде бақылай аламыз. Бұл біз секілді жүк жіберушілер ғана емес, теміржолшылардың өздеріне де өте ыңғайлы және табысты жоба болып табылады»,-дейді А. Огаев.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүйелі оператор ретінде негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жүктерін үздіксіз тасымалдау болып табылады. Осыған байланысты ҚХР теміржолшыларымен бірлесіп ұйымдастырған тікелей бағдар осы.

Биылғы жыл басынан бері Ұлттық оператор 7 миллион тонна астықты тұтынушыларға жеткізді. Оның ішінде 4,6 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Қытайға 320 мың тонна бидай жіберілді.

Атап өтерлігі, қазіргі таңда ҚТЖ-да астық тасымалдаудың жаңа технологиясы енгізілуде. Қазан айында Құрық- Алят- Ахалкалаки- Карс- Мерсин бағдарында жаңа астық тасымалдайтын контейнерлік пойыздың қанатқақты жобасы іске қосылды.

Қараша айынан бастап бекітілген кесте бойынша 74 шаттл астық пойызы жіберілді. Оның ішінде Қостанай –Галаба (ИИР) -18, Қостанай-Орта Азия -13, Қостанай-Ақтау порты -25 бағдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қостанай – РФ Жаңа порт, Қостанай – Жаңаресей бағдарларына «шаттл» пойыздары ұйымдастырылды.

Бекітілген кестелер бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру және технологиялық үдерістері жіберілетін уақыты мен жету мерзіміне байланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз