22 қараша күні Каспий теңізінде үш жер сілкінісі болды.
Бұл туралы Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлайды.
Жер сілкінісі 30 және 60 километр тереңдікте болған.
Біріншісінің магнитудасы 3.2, Каспий акваториясында 09:36-да тіркеліпті, екіншісі – магнитудасы 3.2 – 16:25-те, үшіншісі – магнитудасы 3.3 – 17:18-де.
Дереккөзі: lada.kz