Мексикалық Сауль “Канело” Альварес 16 қыркүйекте Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен жекпе-жектен соң ота жасатқан, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Сол кездесу тең аяқталып, қазақстандық боксшы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалған еді. Жекпе-жекке мексикалық боксшы америкалық брендтің қолғабын киіп шыққан, ал бұған дейін ол мексикалық брендті таңдап келген. “Канелоның” қолғабын кию кезінде арнайы көбік себіледі, ол қосымша қорғаныс береді. Осы тауар әлемдегі үздіктер қатарында.
Compubox статистикасына сәйкес, сол жекпе-жекте Альварес 505 соққы жұмсаған, оның 169-ы дәл тиген. Екі компонент бойынша Головкин басымдық танытты – 703 соққы, оның 218-і дөп тиген.
Сондай-ақ бұл Альварестің қолындағы бірінші жарақаты емес. 2016 жылы қыркүйекте ол Лиам Смитті нокаутқа түсірді, алайда ол бас бармағын сындырып алды. Сол жекпе-жек мексикалық үшін бірінші орта салмақтағы ең соңғы кездесу еді. Содан кейін ол тек сегіз ай өтті дегенде ғана шаршы алаңға қайтып оралды. Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда не қыркүйекте шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.