Қайрат Нұртас ел аралап, түрлі қаланың халқының қошеметіне бөленіп, концерт беріп жүр. Қарбаласпен белгілі нумерологтың болжауы қалай орындалып кеткенін байқамай қалды-ау…
Басында афиша беттерінде актриса ретінде таныла бастаған Қайраттың жары Жұлдыз Әбдікәрімова концерт жүргізушісі болатындығын хабарлап еді. Гүлзира Айдарбекованың парақшасына жариялаған видеосында енді Жұлдыздың жүргізуші ғана емес, ән шырқап жүргендігін де байқап отырмыз.
Бұл ретте белгілі нумеролог Клара Күзденбаева өзінің болжамының орындалғандығын айтады:
“Құрметті достар! Жақсы болжамдардың орындалатыны қандай керемет! Осыдан бір ай бұрын мен Алматыда болғанымда, мені 31 арна және оның жүргізушісі Аня Данченко түсіріп еді. “Айта берсінде” Қайрат Нұртас пен оның әйелі туралы және олар болашақта бірге дуэт болып, ән шырқайтындығын айтқан едім. Олар менің кеңесіме құлақ асты ма, әлде өздері жоспарлағаны ма, білмеймін. Бірақ, мен көріпкел емеспін. Бірақ сандар еш уақытта қателеспейді. Мен мұны анық білемін!”, деп жазды ол желідегі парақшасында.
Мұнымен қоса, халықты енесі мен келінінің бір сахнада тату жүргені тәнті етті.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртас Екібастұз, Петропавл, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында өнер көрсетті. Алда тағы да :23- Қараша Ақтау қаласы, 24- Қараша Жанаөзен қаласы, 26- Қараша Қызылорда қаласы, 28-Қараша Түркістан қаласы, 29- Қараша Шымкент қаласы, 30- Қараша Тараз қаласы, 4- Желтоқсан Қарағанды қаласы, 5- Желтоқсан Қөкшетау қаласы, 6-Желтоқсан Семей қаласы,
7- Желтоқсан Өскемен қаласы, 8- Желтоқсан Қостанай қаласы, 11- Желтоқсан Степногорск қаласы, 12- Желтоқсан Теміртау қаласында концерт бермек.