Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-16
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Трамвай қағып кеткен апалы-сіңлілі оқушылар ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Айта кетейік, қыздардың анасы Шыған Уәлитова сотқа келген жоқ. Жалғызбасты ананың орнына оның ағасы келді.

«Сотқа Шынар Уәлитова келе алмады, себебі Екібастұзда екі баламен тұрады. Үйінен шыға алмады», – деп түсіндірді адвокат Гүлнәр Қажиева.

Мемлекеттік айыптаушы Айна Тоқтарова айыпталушының жалған сөйлегенін айтты. Нақтырақ айтқанда, ол полицияға сағатына 25-30 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтса, сотта қиылысқа жеткенде жылдамдығын 20-23 шақырымға азайтқанын айтқан.

«Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес ол ауа райын ескеріп, жол қауіпсіздігін ескеру керек. Оған қоса оның алдында реттелмейтін жүргінші жолы болды. Бейнежазбаны қарап шыққанымда айыпталушының төмен жылдамдықпен өтіп бара жатқанын көрмедім», – дейді Айна Тоқтарова.

Сала мамандарының айтуынша, трамвайдың жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспау керек, асса, көлік рельстен шығып кетеді.

Келесі сот отырысы 30 қараша күні өтеді. Осы уақытқа дейін айыптаушы тарап моральдық шығын талап ету бойынша шешім қабылдауы мүмкін.

Еске сала кетсек, осы жылдың 7 қыркүйегінде таңғы сағат 7:43-те Ломов-Катаев көшелерінің қиылысында екі оқушыны трамвай басып кеткен еді. Салдарынан 12 жастағы Махаббат Масғұт жарақат алып, көз жұмды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз