Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін пышақтап тастаған. Содан кейін өз кінәсін толық мойындап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген, деп жазды Otyrar.kz.
Сорақысы сол, бұл азамат бейнежазбада осы әрекетін күнә емес, керісінше, Алланың жолындағы міндетім деп мәлімеде қалдырған. Ал ауыр жарақат алған азаматшаның туыстары күйеу баласының айтып отырған айыптауымен келіспейді.
“Қызым ешқандай жат ағымға кірмеген. Қайта күйеу балам сектаға кіріп кеткен сияқты. Сақалын, шашын жалбыратып өсіріп алады. Қызымды ұрып-соғып келген. Екеуі бес ай бұрын ажырасып кеткен. Сонда да күйеу балам тыныштық бермеген. Ақыр соңы пышақтап кетті. Әділ жазасын алсын”, — дейді жәбірленушінің анасы Сандықыз Жақсылықова.