Қайын енесін сәлем салып қарсы алған Сиви Махмуди желі қолданушыларын сүйсінтті. Әншінің аталған видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
“Қалайсыз, мама? Жақсы жеттіңіз ба?”,- деген әнші табалдырықтан түсе салып қайын енесіне иіліп сәлем салды.
Ал әншінің қайын енесі болса өз кезегінде Сивиді құшақ жая қарсы алып, жылы сөздерін жаудырды.
“Құдай бере салған қызым менің! Мені осы ғана іздейді, қалған адам іздемейді мені”,- деді әншінің жарының анасы.
“Жарайсың, Сиви!”, “Енесін сыйлаған келіннің болашағы зор! Байдың қызымын деп еш шіренбейді, сонысына ризамын!”, “Қандай әдемі көрініс!”, “Жарайсың, сіңілім! Бақытты бол!” , “Шымкентше сәлем ғой”- деп жазды желідегілер.
Ақпарат көзі: nur.kz