Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
23
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елбасы су үшін қай елдердің арасы шиеленісіп жатқанын айтты

Су ресурстарының тапшылығы Пәкістан мен Үндістанның арасындағы қарым-қатынасты ушықтырды.

Білетініміздей, өткен жылдың күзінде Үндістан 1960 жылдан жұмыс істеп келе жатқан Инд өзені жөніндегі екіжақты комиссияның жұмысын тоқтататындығын мәлімдеді. Таяу Шығыс пен Орталық Азияда да ушығу ықтималдығы жоғары», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Жер шарындағы халық санының артуына байланысты әлемнің жекелеген өңірлерінде азық-түлік дағдарысы орын алуы мүмкін екендігін де ескертіп өтті. Егістік алқаптарының қысқарып, топырақтың құнарлылығы төмендеп бара жатқанын да еске салды.

«Сарапшылардың есептеуінше, таяу 40 жылдың ішінде астықтың егістік алқаптарын кемінде 2 есеге ұлғайту қажет болады. Бұл ретте еуразиялық елдердегі, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын ірі өндіруші ретінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығын интенсификациялау да маңызды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз