Баян Есентаеваның қайын атасы Тұрым Алагөзов бұрынғы келіні Лясира туралы шындықтың бетін ашты. Ол бұл жазбасы туралы ұлының білмейтінін, одан кешірім сұрайтындығы туралы жазды.
Алайда артынан ол кісі бұл жазбасын жойып жіберді деп хабарлады Stan.kz.
“Мынау менің бұрынғы келінім Лясираның ұлыма және маған жазған хаттары.
Масқара енді. Бірақ оған қатты таңғалмадым, қан қысымым да көтерілмеді, өйткені оның жан дүниесі қаншалықты кедей, тәрбиесінің деңгейі қандай екенін мен жақсы білем ғой.
Бұл хаттарды оқысаңыз, тонау екенін, мақсат-пиғылы қандай адам екенін айтпаса да түсінесіз. Бірге тұрған 26 жыл ішінде ұлым оған сенді, себебі біз оны солай тәрбиеледік, ұлым ажырасқанда еш ойланбастан барлық зауыттары мен үйін, жылжымайтын мүлкін әйелі мен балаларына және оның туыстарына аударып берді”,- деді ол.
https://kaz.365info.kz/aren-kondirdim-tyrsyngali-men-bayan-esentaevanyn-khandaj-zhanalygy-bar-video-287405
Тұрым Алагөзов бұрынғы келіні тек Тұрсынғалидың ғана емес, өзінің де, кенже ұлының да бар дүниесін иеленуде екенін айтады.
“Тіпті, менің пәтерім мен кенже ұлым Асқардың сән салоны Тұрсынғалидың қызы Әминаның атында. Бірнеше күн бұрын Асқар Әминадан салонды босату туралы хабарлама алды. 73 жасымда мен өз кезегімді күтіп отырмын, Алматыда 90-шы жылдары алған пәтерімді балаларға көмектесу үшін беріп, енді сол үйден қуылудың алдында тұрмын. Міне, туған баласын әкесіне қарсы қоятын бай кәсіпкер әйелдің бет-бейнесі.
Айтпақшы, ол өлім аузында жатқан туған енесіне 2 жыл ішінде бір де бір рет келмеді, тіпті оған бір шыны шәй ұсына алмады.
https://kaz.365info.kz/bayannyn-tapkhany-osy-ma-tyrsyn-alagozovtin-sauatsyzdygy-eldi-shoshytty-283849
Менің ұлымның Лясирадан кетуі (өзі білім мен дәулетті өмір сыйлаған балаларынан емес) осымен түсіндіріледі. Үш бөлмелі пәтерде 26 жыл бойы түсіністік пен отбасы алдындағы еңбегінің еленуін күткен баламның шыдамы шегіне жетті. Тұрсынғали бұл жазба жайлы білмейді. Сол үшін Алланың және туған ұлымның алдында кешірім сұраймын! Кешір ұлым, сен өте шыдамдысың, мен бұдан әрі шыдай алмаймын, тіпті жасым 50 болмаса да. Білетіндер мені түсінеді, қалғандарының еркі өзінде”,- деп жазды ол желідегі парақшасында.