Жазира Байырбекова үлкен сахнадан гөрі, қыз ұзату тойларында жиірек шығады. Әнші тойда болған басынан өткен оқиғасымен бөлісті.
Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Осыдан бірнеше ай бұрын әнші аяғын сындырып алып, көпке дейін көрінбеген еді. Десе де, аяғы сынса да, қыз ұзатуды жалғастыра берген екен.
“Дәл осы тойда денем тоңып, денемде жаным жоқтай тұрғаным. Жүгіріп келе жатып баспалдақтан құлап аяғымды сындырып алғанмын. Ары қарай жүре алмайтынымды айтып едім, xалық алдына шығайын деп қобалжып тұрған қыздың одан сайын көңіл күйі түскенін көріп, 5 минуттай отырдым да, содан бар күшімді жинап,
сынған аяқпен, биік өкшемен қызды алып шықтым.
Қалай ән айтып біттім аяғым бастырмай қойды. Жедел жәрдем көлігімен ауруxанаға барып сынғанын анықтап гипспен Алматыға қайттым. 2-3 айдан кейін алғаш саxнаға шыққаным да қызық болды. Ол туралы кейінірек айтып беремін. Бұл күндер де артта қалды. Қазір шауып жүрміз, аяғым жазылды Аллаға шүкір!” – деп жазды Жазира инста-парақшасында.
Йығына жүктелген жүкті көтере ала білгендіктен бе, қазіргі таңда Жазира қыз ұзатудағы сұранысқа ие әншілердің бірі. Тойлар көбеймесе, азаймас. Ал әншінің денсаулығы мықты болғай.