Астанада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұстаздар мен студенттерге латын ғарпіне өтудің тиімділігі түсіндірілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы ішкі саясат басқармасынның қолдауымен Елбасынның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру негізінде «Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтудің даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара мақсаты Елбасы мақаласынның негізгі тұжырымдары бойынша халық арасында уақытылы және кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуінің даму болашағы және жаңа графикадағы бірыңғай қалып үлгісін таныстыру.