Жартылай жалаңаш суреттерімен танылған Kween-T есімді бойжеткен тағы да елдің ашуына тиді. Ол мұсылмандарға жат Хэллоуин мерекесінде қазақтың ұлттық киімін киіп, жұртты ызаландырды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Маған: “Неге ұлттық киім кимейсің?” деп жиі сын тағады. Мінеки, қабыл алыңыздар. Барлығы тек сіздер үшін. Ештен кеш жақсы демекші, Хэллоуин құтты болсын”, – деп жазды бойжеткен инста-парақшасында.
Желідегілер ұлттық киімді қорлап, мазақ қылған қызға балағат сөздерін жаудырып жатыр. Ал жұрттың пікіріне мән бермейтін автор міз бағар емес.
“Өз бетімді өзім бояймын, ешкімге сенбеймін”, – деп атап өтті ол.
Бұған дейін Тараздық биші Толғанай, яғни Kween-T “Еркек болсаң дәлелде” атты бейнебаянымен елді шулатқан еді.